Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел шаңды дауыл күшейеді.
Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарында да тұман түсіп, көктайғақ болады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде тұман болады деп күтілуде.
Атырау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысында жел шаңды бұрқасынмен 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
