11 наурызға арналған ауа райы болжамы

Ақмола, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады.

Қарағанды облысының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, төменнен бұрқасындатады.

Алматы, Жамбыл облыстарында да тұман түсіп, көктайғақ болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде секундына 15-20 метрге дейін жел күшейеді.

Атырау облысында күндіз желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Маңғыстау облысында құмды дауыл көтеріліп, желдің екпіні секундына 15-20 метр болады.

ДереккөзInform.kz