Әкімдерді енді xалық сайлауы мүмкін

Мәжіліс депутатының айтуынша, Конституцияға өзгеріс енгізген соң, 300-ге жуық заңға өзгерістер енгізуге тура келеді.

«Осы заң жобасынан кейін біз сол жұмысқа кірісеміз. Себебі тиісті заңдарды Конституцияның талаптарына келтіру керек. Әкімдерге қатысты жергілікті өзін-өзі басқару заңына өзгерістерді енгізуге мәжбүр боламыз. Меніңше, жергілікті жерде облыстық қалаларға дейінгі әкімдерді сайлауымыз қажет. Бәлкім, аудандық әкімдерді тағайындап, ауыл әкімдерін xалықтың сайлауына беру керек шығар. Біз өз партиямыздың атынан ондай ұсыныстарды енгізуге дайынбыз. Ал ары қарай қалай болатынын жұмыс көрсетеді”, – деп атап көрсетті Азат Перуашев.

ДереккөзInform.kz