Jusan Cyber Day турниріне келгендер — түрлі жастағы қыз-жігіттер. Бірі — оқушы, бірі — студент, енді бірі — кәсіпті меңгерген азаматтар. Дегенмен олардың бәрін біріктіретін — компьютер ойынына деген ерекше қызығушылық.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

12 жастағы Темірлан Хамзин бір қарағанда мінезі тұйық, интроверт бала сияқты. Дегенмен ол көпшілікпен емес, компьютермен жақсы тілдеседі. Сабақтан, үй шаруасынан қолы босағанда, түрлі компьютер ойынын ойнайды.

Темірланның айтуына қарағанда, анасы оны бос уақытын компьютер алдында өткізетіні үшін  сөкпейді. Қайта ойынға деген ерекше ынтасын байқап, қолдайды. Тіпті осы Jusan Cyber Day турниріне қатысуды да анасы ұсынған екен.

Негізі Standoff, Minecraft ойынын жиі ойнаймын. Ал бүгін ойнайтын CS:GO ойынында тәжірибем аз. Десе де жеңемін деп үміттенем, — дейді Темірлан.

Темірлан қазір 6-класта оқиды. Мектеп бітіруіне біраз жыл бар екеніне қарамастан болашақ саласын таңдап қойған. Келешекте «Қазақстанның ең мықты киберспортшысының бірі боламын” дейді.

киберспортшы Жусан
Темірлан Хамзин. Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ал 14 жастағы Владислав Половец үшін компьютер ойыны — ең әуелі сүйікті хоббиі. Мұндай турнирге ол бірінші рет қатысып жатыр. Сол себепті аздап толқып тұр.

Ойын ойнағанда өзімді еркін сезінемін. Ішкі эмоциямды шығаруға көмектеседі. Бүгінгі ойын қызық болады деп ойлаймын, — дейді Владислав.

киберспорт, жусан
Владислав Половец. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Жарыс басталмас бұрын Қазақстан киберспортындағы ең үздік Avangar командасының мүшесі, киберспортшы Алан Дүйсенбаев қонақтар мен ойыншыларға шеберлік сабағын өткізді. Онда ол киберспорт саласында қалай жетістікке жетуге болатынына және қалай жаттығу керек екеніне қатысты бірнеше кеңес айтты.

Алан Дүйсенбаевтың айтуынша, бүгінде киберспорт — жастарға үлкен мүмкіндік беретін алаң. Сол себепті мұндай турнирлерді өткізу өте маңызды.

Қазір киберспорт арқылы ақша табуға, жұмысқа орналасуға болады. Мысалы, мен АҚШ құрамасында ойнап, табыс тауып жүрген бірнеше қазақстандық ойыншыны танимын. Сол себепті бұл салаға ден қою керек, — дейді киберспортшы. 

киберспортшы Алан
Алан Дүйсенбаев. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Шеберлік сабағынан соң қатысушылар ойынға кірісті. Жалпы 45 ойыншы қатысты. Олар Counter-Strike:Global Offensive ойынын 1:1 қарсы ойнады.

кибер спорт, ойын
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
кибер спорт, ойын
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
кибер спорт, ойын
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Jusan Cyber Day турнирін Алматы әкімдігі, Jusan және Gamefactory бірлесіп ұйымдастырды. Алматы қалалық цифрландыру басқармасының өкілі Ерасыл Жеңістің сөзіне қарағанда, Jusan Cyber Day турнирі — Қазақстан киберспортындағы экожүйені құруға бағытталған пилот жобасы.

Қазір елде ұйымдастырылып жатқан турнирлерде ойыншылар тек ақша ұтады. Өкінішке қарай, осымен олардың киберспорттағы карьерасы аяқталып жатады. Дегенмен киберспорт — өте маңызды спорт түрі. Тіпті бір күні олимпиада ойындары қатарына енуі мүмкін. Сол себепті біз қазақстандық ойыншылар ақша ұтысымен шектелмей, киберспортшы ретінде үлкен жетістікке жеткенін қалаймыз. Осы мақсат үшін бүгін Jusan Cyber Day пилот жобасы жүзеге асырылып жатыр, — дейді басқарма өкілі Ерасыл Жеңіс.

Сонымен қатар ол болашақта турнир ауқымын кеңейту, Almaty Cyber Day өткізу, қазақстандық киберспортшыларды қаржылай қолдау сияқты жоспарлар бар екенін айтты.

Ерасыл Жеңіс. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Jusan-ның бренд менеджері Әсем Зәмзамның сөзіне қарағанда, Jusan-ның мұндай турнир өткізудегі негізгі мақсаты — қазақстандық киберспортшылардың халықаралық аренаға шығуға, киберспорт саласындағы қабілетін көрсетуге мүмкіндік жасау.

Әсем Зәмзәм. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Турнир соңында қатысушылар Данияр Еділбаев Monitor Game Legion Y25-30 мониторын (І орын), Хан Әскер Logitech G Pro Х Superlight Wireless тінтуірін (ІІ орын), Тимур Құлмағамбетов (ІІІ орын) пен Әли Иса HyperX Origin 60-65 пернетақтасын (IV орын), Даур Дегемерзенов HyperX Cloud құлаққабын ұтып алды.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz