3 наурызға арналған ауа райы болжамы

Қазгидрометтің хабарлауынша, Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында да тұман күтіліп, жел 15-20 м/с күшейеді, Оңтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстауда шаңды дауыл соғуы мүмкін.

ДереккөзInform.kz