Еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейіп, жаяу бұрқасын жүреді. Алматы облысының жекелеген аумақтарында да түнде тұман күтіледі.

Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында – тұман, көктайғақ. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қостанай облысында болса аздап боран соғып, тұман, көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде де тұман болады. Түнде жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін көтеріледі. Павлодар облысының кей жерлерін де тұман басып, 15-20 жылдамдықпен жел соғады.

ДереккөзBaq.kz