Ауа райы: елімізде 2 градусқа дейін үсік болады

Бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігі суық антициклонның ықпалында болып, тұман түсіп, үсік болады.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғып, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні секундына 23 метрге дейін барады.

Күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, батысында шаңды дауыл соғады. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік болып, аймақтың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел ұрып, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні секундына 23 метр күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл соғады. Жел солтүстік-шығыстан тұрады, күндіз облыстың орталығында күші секундына 15-20 метр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының шығысында түнде 1 градус үсік болады.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да