Көлік үстіндегі қар қауіпті ме?

Осыған байланысты America’s Morning Headquarters (AMHQ) бағдарламасында замануи технологияның көмегімен көлік үстіндегі қардың қауіптілігі түсіндірілді.

Бағдарламада қар «жамылған» көлік артында келе жатқан машинаға кедергі келтіретінін айтылады. Мәселен, 97 км/сағат жылдамдықпен келе жатқан көлік үстіндегі 40 кг қар ауамен үйкеліске түседі де, көлік үстінен түсіп, артта келе жатқан машинаның үстіне құлайды. Ол 10 тонналық зат құлағандай әсер етеді. Әрине егер артта келе жатқан машина тоқтаса ғана. Ал ол тоқтамай, керісінше құлап келе жатқан қар үйіндісінен қашу үшін рөлді басқа жаққа бұрып жіберсе ше? Онда үлкен жол-көлік оқиғасы орын алуы мүмкін.

Сондықтан, өз көлігіңіз болса, ертерек қарын тазалап барып жүргізуге кеңес береміз. Сондай-ақ жолда сондай «аққала» көліктерді көрсеңіз, артынан жүрмеуге тырысыңыз.