Қандай да бір кәсіппен айналысу үшін әуелі жеке кәсіпкер (ЖК) немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) ретінде тіркеліп, банктен шот ашуыңыз керек. Әрі қарай салық пен төлем жасап отырасыз. Мұны үйден шықпай-ақ, мобайл қолданбаның көмегімен жасауға болады.

ЖК әлде ЖШС?

Кез келген кәсіп бастағысы келетін тұлға кәсібін заңды түрде тіркеуі керек. Осы кезде «Жеке кәсіпкер ретінде тіркелсем бе, әлде жауапкершілігі шектеулі серіктестік ашсам ба» деген сұрақ пайда болады.

egov электрон үкімет
Фото: Baribar.kz

Біз ЖК мен ЖШС ретінде тіркелудің айырмашылықтарын салыстырып көрдік. Кестедегі мәліметпен танысқан соң бизнес жоспарыңызға сәйкес, кәсібіңізді заңдастыруға болады.

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Онлайн шот ашу

Кәсібіңізді заңды түрде тіркеп, салық төлеу үшін ең әуелі банктен шот ашуыңыз керек. Ол үшін банкке немесе басқа мекемеге барып, кезекке тұрудың қажеті жоқ. Смартфонға Jusan Business мобайл қолданбасын жүктеп, тіркелген соң 15 минуттың ішінде шот ашуға болады. Шот ашқаннан кейін интернет-банкингтің барлық қызметін пайдалана аласыз.

Jusan Business мобайл қолданбасында онлайн-шотты әзірше жеке кәсіпкерлер ғана аша алады, жуырда онлайн-шот ашу ЖШС үшін де қолжетімді болады.

Тиімді төлем жүйесін таңдау

Кәсіпті ресми тіркеп, жеке шот ашқаннан кейін төлем қабылдау жүйесін таңдауыңыз керек. Бұрындары кәсіпкерлер арнайы касса құрылғыларын орнатып, қызметкерлерге оны қолдануды үйретуге мәжбүр еді. Ал қазір төлем қабылдау үшін көп шығындалудың қажеті жоқ.

Jusan Tole сервисінің көмегімен POS-терминал немесе мобайл қолданба арқылы төлем қабылдауға болады. QR-кодпен қолма-қол ақшасыз төлем жасау тұтынушы мен кәсіпкердің жұмысын жеңілдетеді. Төлем жасалған соң қаражат шотқа бірден түседі, оны Jusan Business мобайл қолданбасында ЭЦҚ мен абоненттік төлемсіз басқаруға болады.

Фото: Jusan bank

Сонымен бірге Jusan Tole арқылы 1 миллион теңгеге дейінгі тауар мен қызмет түрін 12-24 айға бөліп төлеуге беруге болады.

 Ол тек кәсіп иесіне емес, тұтынушыларға да бонус ұсынады. Пластикалық немесе виртуалды төлем карточкасының иесі дүкенде онлайн сатып алу, төлемнің барлық түрін жасау және түрлі бонус қолжетімді болады. Виртуал картаны Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay сияқты мобайл-әмиянға қосуға және QR-код арқылы төлем жасауға болады. Виртуал карта иелері телефон номері арқылы ақша аударымын жасай алады. Ақша аударымын тек Jusan емес, басқа банк қолданушыларына да жасай аласыз.

Виртуал картаны ашқан бойда 0,5%-2%-ке дейінгі бонус жинақтау жүйесі іске қосылады. Сонымен бірге ай сайын кестедегі қызмет пен тауардың төрт түріне жеңілдік аласыз.

Иллюстрация: Бекзат Исамбергенов

Бонус жинақтау жүйесі мен ыңғайлы әрі қауіпсіз төлем жүйесі тұтынушының көбеюіне әсер етеді.

Салық пен әлеуметтік төлемдер

Кез келген тіркелген кәсіп мемлекетке салық пен әлеуметтік төлемдер жасауы керек. Қазір мұндай операциялар үшін бухгалтердің көмегіне жүгінудің қажеті жоқ. Jusan Business мобайл қолданбасының көмегімен арнайы маман жалдамай-ақ, салықтар мен төлемдерді есептеп, төлеуге болады.

Бір ғана батырмамен қызметкерлердің зейнетақы жарнасы, МӘМС және әлеуметтік аударымдар комиссиясыз жасалады. Ай сайынғы автомат төлем жүйесін бекітіп қоюға да болады.

Мобайл қолданба жасалған транзакциялардың тарихын сақтайды. Есеп тапсыратын кезде төлем түрі, сомасы немесе құжат нөмірі бойынша қажет төлемді оңай тауып, оны PDF, Excel немесе 1C форматында жүктеп алуға болады.

Шағын және орта бизнес экономиканың маңызды бір саласына айналды. Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, 2015-2021 жылдар аралығында еліміздің жалпы ішкі өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 7,9% өсіп, 34,7%-ке жеткен. Сол себепті қазір банк жүйесі кәсіпті қаржыландырып қана қоймайды, шағын және орта бизнес процесін цифрландырып, кәсіпті қарқынды дамытуға мүмкіндік беріп отыр.