Сату өнері: Jusan bank бизнеске ұсынған жаңа мүмкіндіктер

Сапалы тауар мен қызмет бүгінгі таңда тар ұғым қатарына еніп барады. Клиенттер санының көп болуы да мәселенің шешімі емес. Маңыздысы - сіздің өнімді керек кезде, ыңғайлы жерде және ыңғайлы тәсілмен сатып алу мүмкіндігінің болуы. Алдыңғы шарттарды еңсеріп қойсаңыз, үшіншісіне дайын шешім бар, ол  – Jusan tole.

Jusan tole – бұл Jusan bank ұсынған қауіпсіз әрі ыңғайлы сервис, ол арқылы банк карталарынан қолма-қол ақшасыз төлемдер қабылдай аласыз, сонымен бірге құны 1 миллион теңгеге дейінгі тауарлар мен қызметтерді QR-код арқылы 12 айға дейін бөліп төлеуге немесе 24 айға кредитке бере аласыз. 

Jusan tole неліктен пайдалануға ыңғайлы, оңай әрі тиімді?

Қолма-қол ақшасыз төлем күнделікті қажеттілік болып қалды. Тек оның мобайл аударымдар түрі тұтынушылардың құқықтарына шектеу келтіріп, кәсіпкерлерді тасада қалдыруы мүмкін.

Бұл жағдайда Jusan tole дайын әрі жан-жақты ойластырылған қолма-қол ақшасыз төлем арқылы шағын бизнестің тыныс-тіршілігін жеңілдете түседі. Біріншіден, қолма-қол ақшасыз төлем және сатып алу тәсілі заң бойынша бірнеше мәселені шешіп береді. Екіншіден, есепті оңай жүргізесіз. Смартфондағы қосымша электрон сатуға қатысты  есеп жасап береді, Jusan tole POS-терминалындағы есепті шығарып ала аласыз. Үшіншіден, тауарды немесе қызметті бөліп төлеуге сату арқылы күнделікті сатылым көлемін анағұрлым арттырсыз. Онда төлем жасау және бөліп төлеу немесе кредит алу үшін QR-код оңай қосылады. Қосымшаны жүктеп, тіркеуден өткеннен кейін бірден пайдалануға болады.

Ал сатып алушылар үшін бұл өте ыңғайлы, өйткені, әсіресе, қомақты сомада сауда жасау керек болған кезде өзіңмен бірге қолма-қол ақшаны алып жүрудің қажеті жоқ. 1 миллион теңгеге дейін 12 айға дейін бөліп төлеу мен 24 айға кредит ресімдеу  артықшылықтары туралы тұтынушыларға айтудың да керегі жоқ. Егер төлемді «соза тұру» мүмкіндігі ұсынылса, алушы көп ойланбай келісетіні анық, әрине, бұл сізге пайда әкелетіні сөзсіз.

Проценттерге жұмыс істеу

Jusan tole  POS-терминалдарда кәсіпкерлерге қолма-қол ақшасыз төлемнің бірнеше нұсқасын ұсынады. Алайда ең тиімдісі — QR-код арқылы төлем жасау. Меншік иесі үшін бұл нарықтағы төлем қабылдауда ұсталатын ең төменгі комиссия, бар болғаны — 0,8%, сатушыға  QR арқылы транзакция сомасынан 0,5% мөлшерінде бонус түседі.

Қаражат шотқа лезде түседі. Түскен қаражатты интернет-банкинг арқылы  Jusan business мобайл қолданбасынан көруге болады, оны ешқандай абоненттік төлемсіз және ЭСҚ қолданбай-ақ пайдалануға болады.

Jusan tole қалай қосылады?

Jusan tole пайдалану үшін әуелі Jusan bank-тан шот ашасыз (ЖК үшін оны Jusan business қолданбасынан да ашуға болады), осыдан кейін ынтымақтастық туралы келісімге қол қоясыз. Одан кейін таңдау өзіңізде, қаласаңыз жаңа POS-терминал орнатасыз, ол үшін банк офисіне бару керек немесе смартфоныңызға Jusan tole мобайл қолданбасын жүктеп аласыз, оны онлайн жасауға болады.

Жаңа жылда Jusan ұсынған жаңа мүмкіндіктерді қолданып көріңіз! Jusan tole қолданбасын AppStore және  Play Market қосымшасынан жүктей аласыз.

ҚР ҚНРДА берген 07.04.21 ж. № 1.2.35/225/37 лицензия.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз