Әйелін ұрған еркектер заңмен жазалануы мүмкін

Қр Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың айтуынша, былтыр елімізде 26 мың ауыр қылмыс жасалып, 853 адам қасақана өлтірілген. Бұл қылмыстың көбі отбасылық ұрыс-керістен шыққан.

Қазіргі таңда әйеліне қол көтергендерге айыппұл салу немесе 3 сағатқа  абақтыға жабу жазасы қарастырылған. Ал қылмыстық іс қозғау үшін келіншектер арыз жазып, таяқ жегенін дәлелдейтін құжаттар жинауы тиіс. Бұл ұзаққа созылатын шаруа болғандықтан, депутаттардың бірқатары полицейлер сүйген жарын көкала қойдай сабап тастағандарды әкімшілік жауапқа тарту керек деп отыр. Оған қарсы шыққандар да жоқ емес.

Осылайша 3 сағатқа созылған кеңесте зорлық-зомбылықтан бөлек, араққа тойып алып қылмыс жасайтындардың саны артқаны да айтылды. Мәселен, былтыр қоғамдық орындарда 200 мыңға жуық маскүнем ұсталыпты. Олардың арасында әйелдер мен жасөспірімдер де бар. Әсіресе, Маңғыстау, Алматы, Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары ащы суға аса құмар екен.

ДереккөзKtk.kz

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да