Елімізде бірнеше күн суық ауа райы сақталады

Циклон Жерорта теңізінің шығыс жағалауында қалыптасып, Қазақстанның оңтүстігіне қарай 16 ақпанда жылжи бастайды. Республиканың барлық аймағында ауа райы жауын-шашынды болып, күн жылынады.

Алматы  облысының кей жерлерінде  түнде  тұман болып, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.   Жамбыл  облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады.

Батыста түнде -13, -23-тен 3-8 градусқа дейін, кей жерлерде 11-16 аяз, солтүстік, шығыс пен орталықта 20-30-дан 17-25 градусқа дейін нөлден төмен.

Оңтүстік өңірлерде 0-5, кей жерлерде 10-15 нөлден төмен, Қызылорда облысында 10-15, кей жерлерінде 20 аяз болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде бұрқасын болады.

ДереккөзBaq.kz