Елімізде «Супер бол!» бірегей реалити-шоуы басталды

Семейде өткен алғашқы кастингтен кейін реалити-шоу командасы тағы 7 қалаға барады:

9 маусым – Павлодар («Центральный» стадионы, 09:00)
12 маусым – Ақтөбе
14 маусым – Ақтау
16 маусым – Шымкент
18 маусым – Тараз
21 маусым – Астана
24 маусым – Алматы.

Қатысушыларды тіркеу жобаның www.superbol.kz ресми сайтында онлайн режимінде жүзеге асырылады. Жобаға 16 мен 25 жас аралығындағы кез келген адам қатыса алады.

Іріктеу аяқталғаннан кейін 50 үздік қатысушы Талғардағы Қазақстан ұлттық құрамасының базасына жиындарға аттанады. Мұнда кәсіби жаттықтырушылар мен футболшылармен бірге реалити-шоуға қатысушылар жаттығу процесіне қатысады.

Жобаның басты ерекшелігі -оның бірегейлігі мен жаңашылдығы — отандық тарихта мұндай шоу бұрын-соңды болған емес. Super bol форматы, ең алдымен, жастарды дамытуға бағытталған және жобаларды басқарудағы жаңа тәсілдердің жарқын мысалы болып табылады.