Димаш Құдайберген Қытайда реалити-шоуға қатысады

Бейжіңнен Уси қаласына ұшып келдік. Жақын арада бір қызықты бағдарламаға қатысқалы жатырмын. Бұл жобада Қытайда танымал әртістер 4-5 адамнан тұратын топтарға бөлініп, өзара топтардың ойындарын жүргізеді, − дейді әнші Іnstagram-дағы парақшасында.

Әншінің айтуынша, бұл – вокалдық сайыс емес. Ол бұл жобада танымал әншілер, актерлер, реперлер, бишілерден топ жасақталып, сол топты жоба соңына дейін жеткізу қажет екенін айтты.

Миссиясы ойын түріндегі бұл жоба сіздер үшін де қызық болады деп ойлаймын, − деп жазды Д.Құдайберген.

Еске салайық, Димаш Құдайберген шығармашылық жұмыстарын жалғастыру үшін қыркүйек айының соңында Қытайға оралғанын жазған еді.