30 мамыр: Елімізде демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер мәліметінше, алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.

28 мамырда солтүстікте, орталықта, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр, дауыл, бұршақ жауады. Түнде еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында 2 градус үсік болуы мүмкін, — делінген хабарламада.

Батыс аймаққа батыс антициклон әсер етеді, сондықтан жауын-шашын жаумайды. Ел аумағында жел күшейеді.

Келесі аптаның басында республиканың басым бөлігінде күндізгі ауа температурасы жоғарылайды: республиканың батысында, солтүстік-батысында 25-30 градусқа дейін, оңтүстігінде 33 градусқа дейін, солтүстігінде 23-28 градусқа дейін, орталығында 25-30 градусқа дейін болады, — деді синоптиктер.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Тағы да