Қазақстанда вейпке тыйым салына ма?

Қыздырылатын темекінің әр данасына акциз енгізуден бөлек Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб әмірліктерінің жақсы тәжірибесі бар – электрон шылым құрылғысының құнынан 50% алым төленеді. Мысалы бір рет қолдануға арналған электрон шылымның бағасы 2 мың теңге болса, акцизі мың теңге болады. Соның есебінен құны 3-3,5 мың теңгеге өседі, — деді Жәмилә Садықова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сарапшының сөзіне қарағанда, осының арқасында электрон шылымға балалардың қол жеткізуі қиындайды.

Біз де осындай акциз енгізсек, электрон шылымның қолданысын шектеп, сол шектеулі сауданың өзінен жақсы табыс көруге мүмкіндік аламыз. Яғни, ондай саясаттан мемлекет ұтады. Украинада электрон шылым акцизінен жыл сайын 200 миллиард теңгедей кіріс түсіп отырған. Біз жыл сайын 80 миллиард теңге кіріс кіргізе аламыз. Бұдан тек табак индустриясы ғана зардап шегеді, — деді қоғамдық ұйым басшысы.

Ұлттық коалиция жетекшісі Қазақстан аумағында электрон шылымның айналымын шектеуді ұсынып отыр.

Әзірге вейптердің айналымына тыйым салынбағандықтан, тек депутаттардың ұсынысы күйінде қалып келе жатқандықтан, бұл нарықтан салық өндіру керек. Яғни, нарықта бар кезінде жақсы салық өндіріп қалу қажет. Ол бюджеттің кірісіне түседі. «Түтінсіз» шылымға тыйым 2020 жылы салынды. Екі айдың ішінде тыйым күшіне енді де, нарық одан ауыр зардап шеккен жоқ. Қазір сол кезде елге кіргізіліп үлгерген қалдығы сатылып жатыр. Кейін мүлде нарықтан жоғалады. Денсаулық сақтау министрлігі қолдаса, вейптердің сатылымына да бір жылдың ішінде тыйым орнатуға болады, — деді Жәмилә Садықова.