Қазақ-қырғыз шекарасында 200 жүк көлігі өте алмай тұр

Телеарнаның мәліметінше, көлік кептелісіне не себеп болғанын әзірге ешкім түсіндірмеген. Әдетте тауар немесе азық-түлік тиелген жүк көліктеріне шекарадан өту қиын екені ғана айтылған.

Қырғызстаннан Қазақстанға бос ауыр жүк көліктері тек Кең-Булун бекеті арқылы ғана кіре алады

Қырғыз тарапы Жаңа жылдан кейін тауарларды тек электрон құжатпен жіберуге міндеттеме алған. Алайда бұл шартты орындап жатқан жоқпыз. Электрон құжаты жоқ кез келген көлікті қазақстандықтар бақылайды. Сондай көлік көп екенін көріп тұрсыз, сондықтан 200, 300 көлік шекарада тұрып қалды, — деді Қырғызстан тасмылдаушылар мен логистер қауымдастығының төрағасы Темір Шабданалиев.

Шекарадағы кезекті азайту үшін логисттер бақылаушы органдарға электрон және өзге де құжаттарды шекараға жетпей Қырғызстан аумағында тексеруді ұсынады. Ал құжаттары дұрыс рәсімделген көлік жүрізушілері шекарадан кедергісіз өтеді.