Батыс Қазақстанда жүк көлігі жолдан шығып кетті

Ақпаратқа сәйкес, оқиға 19 наурыз күні республикалық маңызы бар Самара-Шымкент жолының 523-524 шақырымында болды.

Жүк көлігін шығаруға Шыңғырлау, Сырым ауданы төтенше жағдайлар қызметкерлері жұмылдырылды. Олар аудан әкімдігінің көмегімен жүк көлігін тасжолға шығарды.

Хабарламаға сәйкес, көлік иесі Алматы облысынан Ресейдің Орынбор өңіріне бара жатқан.