26 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Қырғызстанға барады

Президент баспасөз қызметінің Telegram парақшасында хабарланғандай, екі мемлекет басшылары Бішкекте шағын және кеңейтілген құрамда кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

Келіссөз барысында саяси диалогты одан әрі күшейтуге, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға мән бере отырып, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту мәселелері қарастырылмақ.

Келесі күні, яғни 27 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына бейнебайланыс режимінде қатысады.