Бас прокуратура: Тәртіпсіздіктерге қатысқандарға 100 долларға дейін төленген

Алматы облысында тәртіпсіздіктерге қатысушыларды қаржыландырған, сонымен қатар азаматтардың мүлкіне зиян келтіруге және мемлекеттік нысандарды басып алуға ықпал еткен О. және Н. есімді азаматтар анықталды. Тәртіпсіздіктерге қатысқаны үшін бір адамға 20 доллардан 100 долларға дейін төленген. Бұл деректер тергеу барысында анықталды және жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдікке ілінген тұлғалардан жауап алу кезінде расталады, — деді бас прокуратураның бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов.

Оның айтуынша, 4 қаңтарда Алматыда Telegram-арнасын ашып, санаулы сағатта бірнеше мың оқырман жинаған Жамбыл облысының тұрғыны анықталған.

Осы Telegram-арнасы арқылы қатысушылар бөгет құру, Молотов коктейльдерін жасау, тәртіп сақшыларына қарсы тұру және ғимараттарды басып алу бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулар алған. Одан кейін осы арнада 5 және 6 қаңтарда бүлікшілердің қозғалысы және олардың Жамбыл облысындағы мемлекеттік нысандарға жасаған шабуылдарын түзету туралы ақпарат жүрді. Мұның дәлелдері тергеуде бар. Күдікті анықталып, қамауға алынды, — деді Елдос Қилымжанов.