Жамбыл облысында жоғалған сарбаздың денесі қырғыз жерінен табылды

Ақпаратқа сәйкес, Шу облысының орталық ішкі істер бас басқармасы қазақстандық сарбаз Ұлықбек Бердішовтің өлімі туралы айтты.

10 сәуірде сағат 17:40 шамасында Панфилов ішкі істер департаментінің кезекші бөліміне мемлекеттік шекара маңында 20-25 жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары мәйітті тапты. Факт ақпаратты тіркеу журналына тіркелді, — делінген хабарламада.

Марқұм 19 жастағы Қазақстан азаматы Б.Ұ. екені анықталды. Енді сарбаздың өлімінің себептері арнайы әскери сот-сараптама анықтайды.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысындағы «Андас батыр» шекара бөлімінде әскери борышын өтеп жүрген сарбазды туыстары бір айдан астам уақыт бойы іздестіріп жатқаны хабарланған болатын.