Головкиннің басты қаруы жойқын соққы емес — Пол Малиньяджи

«Қара күшпен кез келген қателікті жуып-шаюға болады. Тек бір ғана жойқын соққы жеткілікті. Головкин тек қана жойқын соққының иесі ғана емес. Қара күш оның біліктігін одан сайын арттыра түседі», — деп жазды Малиньяджи өзінің Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Айта кетейік, Геннадий Головкин орта салмақ дәрежесінде қарсыластарының басым бөлігін нокаутпен жеңгені үшін Гиннес рекордтар Кітабына енген болатын. Қазір ол орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иегері. Осы титулдарын қорғау үшін ол 18 наурыз күні Нью-Йоркте орта салмақтағы  WBA чемпионы америкалық Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) кездеседі.

ДереккөзVesti.kz