Alan Parking директоры Мұхтар Базарбаев ұсталды

Әзірше не себепті қамауға алынғаны белгісіз. Сот мәліметінше, Alan Parking басшысы екі айға қамауға алынған.

Тергеу сотының үкімі бойынша соталды тергеу органының арызы қанағаттандырылып, екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды, — деді Алматы сотының өкілдері.

2021 жылғы желтоқсанда бизнесмен Қайрат Боранбаевқа тиесілі RR2 компаниясы Alan Parking компаниясының 30% акциясын сатып алған. Бұған дейін ақылы автотұрақтардың операторы мемлекетке тиесілі болған.

Ал Қайрат Боранбаевтың өзі биылғы наурызда 2 айға қамауға алынды. Оның үстінен квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаражат ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.