Еліміздің басым бөлігінде аяз болады

Циклон тылында суық антициклон басталады, онымен бірге республика аймағында жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының климаттық нормадан 3-5ºС-ға төмендеуі күтіледі. Алайда, бұл салқындау аз уақыт қана болады, өйткені, келесі циклон 6 ақпан күні Қазақстанның батысына бет алады, онымен бірге температура қайта көтеріледі.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, түнде Алматы облыстарында тұман түседі.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді, бұрқасын болады.

Атырау облысында бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұрқасын, тұман болады.

Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

ДереккөзKazhydromet.kz