Универсиада: Тоғызыншы алтын қоржында

Қазақстанның шаңғышылары аралас командалық спринтте жеңіске жетті. Ел намысын бұл сында Анна Шевченко мен Олжас Климин қорғады.Жерлестеріміз ең үздік нәтижені көрсетті (18:23.48). Сөйтіп, қоржынға тоғызыншы алтынды салды. Екінші орынға Франция командасы (18:28.67) орналасса, үздік үштікті Ресей (18:29.50) қорытындылады.

Тағы бір қазақстандық жұп Ольга Мандрика — Сергей Малышев (19:11.72) жарысты алтыншы болып аяқтады.

ДереккөзBaq.kz