3 мыңға жуық лауазымды тұлға тергеуде отыр

«Бізде барлық реформа қаржыландырумен қамтамасыз етілген. Триллиондаған теңге бөлінеді. Дегенмен, Есеп комитеті өткен жылы анықтаған қаржылық бұзушылықтар 163 млрд. теңгені құрады. 47 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке, 223-і тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Адам мемлекеттік қызметке келуі үшін барлық жерде байқау жүріп жатыр. Бір орынға бірнеше адам таласады. Мемлекеттік қызметте, мемлекетке жұмыс істеймін, мемлекетімді көтеремін деп келеді. Тәрбиелеп, «Болашақпен» жіберіп, кішкентай жұмысқа қойып, қадағалап, өсіресің, содан кейін барады да түрмеге түседі. Қандай өкінішті. Мен бұл адамдарды ата-аналарынан да қатты уайымдаймын. 2900 адам тергеуде отыр. Сонда да тоқтамайды»,- деп атап өтті Мемлекет басшысы.

ДереккөзInform.kz