Синоптиктер мәліметінше, Қазақстан аумағының солтүстік жартысы антициклон ықпалында қалады, ауа райы негізінен жауын-шашынсыз, ауа температурасы өте төмен болады.
Түнде бұл аймақтардағы термометр бағандары 17…28 градус аязға дейін төмендейді. Еліміздің батысы мен оңтүстігінде, оңтүстік циклон әсерінен жауын-шашын күтіледі, республиканың батыс аймақтарында көбінесе қар жауады, ол боранға ұласады, елдің оңтүстігінде негізінен жаңбыр, ал таулы, тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады. Сонымен қатар, фронталь бөліктердің Қазақстан аумағы арқылы өтуіне байланысты жел екіпіні секундына 23-28 метрге дейін күшейеді, — делінген хабарламада.