Қазақстанда сапасыз интернет үшін айыппұл сомасы артады

Аталған құжатты даярлауға парламент депутаттары бастамашылық жасады. Заң жобасының негізгі мақсаты — байланыс саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру.

Пандемия және халықтың қашықтан жұмыс істеуі режиміне көшуі кезінде ұсынылатын байланыс қызметтері сапасының маңызы арта түсті. Ол халықтан келіп түсетін шағымдардың көбеюінен байқалып отыр. Сонымен қатар, жүргізілген тексерулер бойынша анықталған заң бұзушылықтар осыған байланысты проблеманың бар екенін дәлелдейді, — деді парламент мәжілісінің депутаты Жанна Телпекбаева.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 637-бабына сәйкес, ірі кәсіпкерлік субъектісі үшін айыппұл 100 АЕК-ті, бір жылдың ішінде қайталап жасалған құқық бұзушылық үшін 200 АЕК-ті құрайды.

Бұл ретте ірі кәсіпкерлік субъектісі заң бұзушылық фактісін мойындаған кезде, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес 50%, яғни 50 немесе 100 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге құқылы.