Әнші Саят Медеуов жансақтау бөлімінде жатыр

Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Саят бауырымыз жол апатына түсіп, жансақтау бөлімінде жатыр. Алладан дұға тілеп қойыңыздаршы, ағайын. Аман-есен ортамызға орал, бауырым!, — деп жазды Ербол Спаналиев.

Әзірге жол апатының қашан және қай жерде болғандығы туралы ақпарат жоқ.

Айта кетейік, Саят Медеуов Құрманғазы атындағы ұлттық халық аспаптар оркестрі 8 наурыз мерекесіне орай ұйымдастыратын концертке қатысуы керек болған.

Мерекелік кеш 4 наурызда сағат 19:00-де оркестрдің концерт залында өтеді деп жоспарланған еді.