Қайғылы оқиға 19 ақпанда түскі сағат 12:45-те болған. Аялдамадан түскен мектеп оқушысы автобусты артынан айналып, жолдан өтіп кетпекші болған. Сол кезде оны жеңіл көлік қағып кетті.
«AUDI-100» маркалы көліктің жүргізушісі Рабочая көшесімен Рудный көшесіне қарай келе жатқанда жолдан өтіп бара жатқан 11 жастағы баланы басып кеткен. Мектеп оқушысы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, — деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Ал көлік жүргізушісі ұсталып, тергеу изоляторына қамалды.
Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-бөлігі (көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша іс қозғалды. Осы бапқа сәйкес, бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.