Әсем Нүсіпова Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімі бойынша, президент әкімшілігінің келісімімен Алматы әкімінің орынбасары болып Әсем Бекқызы Нүсіпова тағайындалды, — делінген хабарламада.

Әсем Нүсіпова 1975 жылы 1 мамырда Алматыда туған.

Ол әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университетінің түлегі, «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша магистратура мен аспирантураны бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы әл-Фараби атындағы қазақ мемлекеттік университетінде ассистент қызметінен бастаған.

2001 жылы Қазақстан Республикасы қауіпсіздік кеңесінің экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі бөлімінің бас сарапшысы болып тағайындалды, 2002-2003 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің жүйелі зерттеулер орталығы секторының меңгерушісі қызметін атқарды.

2003-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы қаржы министрінің кеңесшісі, ЕурАзЭҚ хатшылығы жанындағы бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі ұйымдастыру-сараптама тобының (қоса атқарушы бойынша) кеңесшісі;

2005 жылы Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі, премьер-министр кеңесшілері тобының жетекшісі;

2006 жылы – Қазақстан Республикасы премьер-министрі кеңсесінің жиынтық талдау бөлімінің меңгерушісі;

2007 жылдан 2008 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі лауазымында болды, кейін 2016 жылға дейін «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары;

2016-2019 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;

2020 жылы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы лауазымында, соңғы атқарған қызметі — Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау вице-министрі (2020 жылғы қазаннан 2022 жылғы ақпанға дейін) болды.