Басты бет / Жаңалықтар /
Руслан Желдібай
Руслан Желдібай. Фото: Primeminister.kz

Премьер-министр кеңсесі басшысының орынбасары тағайындалды

Бұл туралы премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Руслан Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысында туған.

Тұрар Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетін, Уорик университетін бітірген.

Еңбек жолын 2012 жылы «Қазақстан» телеарнасында редактор болып бастаған.

2012-2018 жылдары – «Алматы» телеарнасында бөлім басшысы, продюсері болып жұмыс істеді.

2018-2019 жылдары – ҚР ақпарат және коммуникациялар комитетінің интернет кеңістігіндегі және әлеуметтік желілердегі ақпараттық жұмыс жөніндегі басқарма басшысы болды.

2019-2020 жылдары – ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.

2020 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болды.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook