Тоқаев 2030 жылы ЭКСПО көрмесін Мәскеуде өткізуді қолдады

Ол бұл туралы Ресей президенті Владимир Путинмен БАҚ өкілдері үшін бірлескен мәлімдемесінде айтты.

Қазақстан халықаралық ЭКСПО көрмесін 2030 жылы Мәскеуде өткізу бастамасын қолдайды, — деді президент.

Еске салайық, президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге екі күндік мемлекеттік сапармен барды.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президентіне қаңтар оқиғасында қаза болғандардың көп екені «жанына бататынын» айтты. Ал Владимир Путин Қазақстанды ел ішіндегі күрделі жағдайды пайдаланған қандай-да бір халықаралық бүлікшілердің құрбаны болды деп есептейді.

Кездесу қорытындысы бойынша екі мемлекет президенті 11 құжатқа қол қойды.