Универсиада-2017: Қазақстан қоржынында жетінші медаль

Алтынды  2:06.20 уақыт көрсеткен ресейлік Александра Качуркина, күмісті жапондық Нана Таканаши 2:06.35 көрсеткішімен алды. Ал отандасымыз Екатерина Айдова 2:06.58 уақыт аралығында мәреге жетіп, қола медальға қол жеткізді. 

Айта кетейік, бұл еліміздің Универсиададан алған жетінші медалі. Әзірге бізде бір алтын (Алина Райкова), екі күміс (Галина Вишневская, Жібек Арапбаева), төрт қола (Анна Шевченкода екеу, Жанбота Алдабергенова, Екатерина Айдарова).

Универсиаданың екінші күні бойынша, еліміз командалық есепте әзірге 3-орында тұр. Бірінші орында Ресей (6 алтын, 5 күміс, 1 қола), екінші орында Қытай (2 алтын, 1 қола).