Еліміздің басым бөлігінде тұман түседі

Қазгидрометтің болжауынша, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні, Жамбыл облысында – 25, оңтүстік-батыс аймақтарда – 30 м/с дейін жетуі мүмкін.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен соққан жел екпіні түнде 23 м/с дейін жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман болып, күндіз жел жылдамдығы 15-20, Жалаңашкөл ауданында 25 м/с дейін артады.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Маңғыстау облысының кей жерлерінде аздап боран соғады.

Сондай-ақ жекелеген аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, оңтүстік-батыста қар бұрқайды.

ДереккөзBaq.kz