Универсиада-2017: Қазақстан командалық есепте 5-орында

үгін біздің құрама сапынан шаңғы спортынан 5 шақырымға классикалық стильмен жүгіруден сынға түскен Анна Шевченко қола жүлде алды.

Одан кейінгі жүлдені фристайлда бақтарын сынаған бұрымдыларымыз салды. Фристайлдың акробатика түрінен сайысқан Жібек Арапбаева күміс олжаласа, Жанбота Алдабергеноваға қола жүлде бұйырды.

Осылайша бүгін біздің қоржынымызға үш жүлде түсіп, жалпы командалық есепте бесінші орынға жайғастық. Командалық сында 4 алтын, 4 күміс және 1 қола жүлдесі бар Ресей құрамасы көш бастады. Екінші орында Қытай (2 алтын, 1 қола). Үздік үштікті Польша құрамасы (1 алтын, 1 қола) түйін тұр.

Айта кетейік, 28-ші қысқы Универсиада ойындарына жалпы 57 елден 2000-нан аса спортшы қатысып жатыр. Қазақстан атынан 171 спортшы 12 спорттың түрінен бақтарын сынайды. Универсиада ойындары барысында 85 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

ДереккөзVesti.kz