Басты бет / Жаңалықтар /
Криштиану Роналду
Фото: Ryan Pierse/FIFA via Getty Images

Роналдуның әлем чемпионатындағы жолы аяқталды: Испания ширек финалға шықты

Испания құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалияны 1:0 есебімен жеңіп, турнирдің ширек финалына жолдама алды. Матч тағдырын негізгі уақытқа қосылған минуттарда соғылған жалғыз гол шешті. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Кездесудің 90+1-минутында алаңға қосалқы құрамнан шыққан жартылай қорғаушы Микель Мерино қарсылас қақпасын дәл көздеп, Испанияға жеңіс сыйлады. Осылайша испаниялықтар әлем чемпионатының ширек финалына шықты.

Енді Испания келесі кезеңде АҚШ пен Бельгия арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі. Ширек финал ойыны 11 шілдеге қараған түні өтеді.

Ал бұл кездесу Криштиану Роналду үшін ерекше мәнге ие болды. 41 жастағы шабуылшы мансабындағы алтыншы әлем чемпионатына қатысып, мундиальдарда жалпы 27 матч өткізіп, 11 гол соғып, екі нәтижелі пас авторы атанды. Испаниямен ойын алдында ол бұл турнир өзінің соңғы әлем чемпионаты болуы мүмкін екенін айтқан еді. Матчтан кейін Роналду 2026 жылғы мундиальдың өзі үшін соңғысы болғанын растады, алайда ұлттық құрамадағы мансабын аяқтау туралы түпкілікті шешімді кейінірек қабылдайтынын мәлімдеді.

Португалияның әлем чемпионатындағы ең жоғары жетістігі Роналду дәуірінде 2006 жылы жартылай финалға шығу болды. Биылғы турнирде команда 1/8 финалдан аса алмады.

Мақала туралы ойыңыз?

Instagram парақшамызға жазылыңыз

Instagram