Басты бет / Жаңалықтар /
Универсиада 2017

Алматыда Универсиаданың басты алауы жағылды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің үздік студенті Айсулу Ерниязова эстафета алауын Алматы әкіміне табыс етті. Алауды Ұлттық университет алаңымен алып өткен Бауыржан Байбек оны Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландинге табыс етті.

Енді Алауды волейболшы Сәбина Алтынбекова, Дәулет Тұрлыханов, Амалбек Тшанов сынды елімізге танымал тұлғалар қала көшелерімен алып жүреді. Айта кетейік, ресми тасымалдаушы «Эйр Астана» компаниясы еліміздің аймақтарынан 15 Алауды Алматы қаласына жеткізді. Алау эстафетасы 25 қаңтардан бастау алды.

Мақала туралы ойыңыз?

Facebook парақшамызға жазылыңыз

Facebook