Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде қар жауады

Демалыс күндері елдің басым аумағында күн бұлыңғыр болады және қар жауады. Құбылмалы атмосфералық үдерістер ауа райының күрт өзгеруіне алып келеді.

Алдағы демалыс күндері алдағы аптаның басындағыдай кезектесіп отыратын атмосфералық ағымдардың және антициклонның ықпалында болады. Күн бұлыңғыр болады, арасында қар жауып, аратұра күн ашылуы мүмкін.

Батыс және орталық облыстарда ауа температурасы көтеріліп, солтүстік өңірлерде төмендейді. Шығыс және оңтүстікте күн жылынып, қайта суытады.

Жалпы алғанда ауа температурасы нормадан жоғары болады. Тек батыста ғана ол нормадан 2-3º С-тан төмен.

ДереккөзInform.kz