Үй жануарларының көңіл-күйін анықтайтын құрылғы жасалды

Үй жануарларының мойнына немесе кеудесіне кигізетін қарғыбау оның дене қызуы мен жүрек соғысының жиілігін өлшеп тұрады. Қабылданған деректерді құрылғы мобильді қосымшаға жібереді. Хатта жануардың көңіл-күйі адамға түсінікті тілмен көрсетіледі.

«Иттердің көңіл-күйін міндетті түрде білуіміз керек. Бұл құрал арнайы мақсатта үйретілген иттердің жағдайын жақсы түсініп, оларға жағымды қатынас жасауға мүмкіндік береді», — дейді Anicall Corporation компаниясының басшысы Акира Ханава.

Жаңа технология авторларының айтуынша, бұл — жануардың тілін түсінгісі келетіндерге таптырмас құрал. Сондай-ақ қарғыбаудың құны да аса қымбат емес.

Дәрігер Атсуши Огаваның айтуы бойынша, жаңа технология әсіресе ветеринарлар үшін керек. Осы арқылы жануардың қандай күйде екенін жақсы түсінуге болады.

Дереккөз24.kz