Pеспубликаның 6 өңірінде жолдар жабық

Астана қаласы

24 қаңтар сағат 20.00-ден бастап (бұрқасын, көру мүмкіндігінің шектеулігі) республикалық маңыздағы «Астана-Көкшетау» автожолы, «Астана-Атбасар» күре жолы көліктің барлық түрлері үшін жабық.

Ақмола облысы

24 қаңтар сағат 20.00-ден бастап (қар, бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) «Астана-Петропавл» күре жолы (18-230 шақырым аралығы Астана қаласы — Щучинск қаласы), «Жақсы-Есіл-Бұзұлық» автожолы (0-82 шақырым аралығы, Жақсы ауылы — Бұзұлық ауылы), «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» автожолы (232-260 шақырым аралығы,  Қостанай обл. аумағы — Сурган ауылы), «Жезқазған-Петропавл» тас жолы (377-595 шақырым аралығы, Қостанай обл. аумағы — СҚО), «Екатеринбург-Алматы» автожолы (856-1006 шақырым аралығы,  СҚО аумағы- Атбасар қ.) барлық автокөлік түрлеріне жабылды.

Павлодар облысы

23 қаңтар сағат 19.40-тан бастап «Павлодар облысының құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ  телефонхатына сәйкес, ауа райының нашарлауына байланысты (боран, көрінбеу) облыстық маңыздағы «Шақат-Восточное-Шалдай» (0-121,6) автожолының учаскесі барлық көлік түрлері үшін жабылды. (Қарағанды облысы) 24 қаңтар сағат 11.35-тен бастап (бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) «Ұлытау ауданы-Костанай обл. шекарасы» (136-252 шақырым аралығы, «Жезқазган-Петропавл» автожолы) бөлігінде барлық автокөлікке қозғалыс шектелді.

Қостанай облысы

24 қаңтар сағат 19.00-ден бастап (бұрқасын, жолдың нашар көрінуі) Р-36 «Қостанай-Әулиекөл-Сурган» автожолы (108-232 шақырым аралығы, Әулиекөл ауылынан- Ақмола облысының шекарасына дейін), А-16 «Жезқазған-Петропавл» күре жолы (252-377 шақырым аралығы, Қарағанды облысынын — Арқалық — Ақмола облысының шекарасына дейін) барлық автокөлікке жабық. 24 қаңтар сағат 19.00-ден бастап «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ телефонхатына сәйкес, (боран, көру мүмкіндігінің шектелуі) облыстық маңыздағы «Арқалық -Торғай» (0-288 шақырым аралығы, а/ж «Әулиекөл -Жолдама», 0-257 шақырым аралығы, а/ж «Қойбағар-Севастополь» 0-124 шақырым аралығы) автожол учаскесінде барлық көлік үшін қозғалыс тоқтатылды.

Солтүстік Қазақстан облысы

25 қаңтардан бастап (күшті бұрқасын, 25 м/с-қа дейінгі жел) барлық бағыттар бойынша облыстық маңызы бар жолдар жабық.

ДереккөзInform.kz