Геннадий Головкин қазақстандық боксшыларды құттықтады

Сербиядағы әлем чемпионатында сәтті өнер көрсеткен қазақстандық боксшылардың жетістігіне қуаныштымын. Жігіттерді, жаттықтырушыларды және Кеңес Хамитұлы басқаратын федерацияны лайықты нәтижемен құттықтаймын. Азия ойындарына дайындыққа сәттілік тілеймін, — деді жазды Геннадий Головкин Twitter-парағында.

Еске салайық, Қазақстан құрамасы Белградтағы әлем чемпионатында екі алтын медаль алды. Теміртас Жүсіпов пен Сәкен Бибосынов әлем чемпионы атанған еді. Одан бөлек Махмұд Сабырхан, Серік Теміржанов — күміс, Абылайхан Жүсіпов қола медаль еншілеген болатын.

Командалық есепте бірінші орынға үш рет әлем чемпионы болған Куба командасы шықты. Ал Қазақстан ұлттық құрамасы екінші орында. Медальдік есепте үшінші орынға АҚШ орналасты.