Абылайхан Жүсіпов бокстан әлем чемпионатының үш дүркін қола жүлдегері атанды

Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

67 келіде шаршы алаңға шыққан Абылайхан Жүсіпов жартылай финалда жапониялық Севонрет Окадзавадан ұтылып қалды. Нәтижесінде, отандасымыз әлем чемпионатының үшінші қола жүлдесіне қол жеткізді, — делінген хабарламада.

Айта кетейік, Абылайхан Жүсіпов осыған дейін 2017 және 2019 жылдары әлем чемпионатының жартылай финалында қарсыластарына жол берген.

Белград шаршы алаңында Теміртас Жүсіпов пен Махмұд Сабырхан финалға өтті.  Кешкі сессияда Қазақстан сапынан Серік Теміржанов және Сәкен Бибосынов жарыстың финалдық жолдамасын сарапқа салады.