АҚШ Apple-ді неге сотқа берді?

Олардың айтуынша, Aplle компаниясының 2008 жылдан бері рөлде отырып текстті хабарлама жіберуді шектейтін технологиясы болған. Тіпті, 2014 жылы компания оған патент те алған. Бірақ технология «нарықтың бір бөлігін жоғалтып аламыз» деген қорқынышпен Iphonе-дарға сол күйінде енгізілмепті.

Лос-Анджелес жоғары аймақтық сотына бірлесе арыз бергендер Apple осылайша өз пайдасын тұтынушылардың қауіпсіздігінен жоғары қойып отыр дейді.Олар компания технологияның жаңадан шығарылатын ғана емес, ескі модельдеріне де енгізуін талап етеді. Бұған дейін Apple Iphone-ның Калифорниядағы сатылымын толықтай тоқтатуы қажет.

Сот процесінің басты белсенділерінің бірі Калифорнияның тұрғыны – Хулио Сеха. Ол біраз уақыт бұрын Iphone-ға алаңдаған әйелдің кесірінен жол апатына ұшыраған.

Арыз берушілердің статистикасы бойынша, бір ғана Калифорния штатының өзінде жыл сайын 52 мыңға жуық жол апаты болады, соның салдарынан орташа есеппен 312 адам көз жұмады.

Телефонға алаңдау алкогольді ішімдіктен масайып көлік жүргізгенге қарағанда 6 есе қауіпті.

Дереккөз7kun.kz