Басты бетҚоғамЖамбыл облысындағы...

Жамбыл облысындағы жарылыстан қайтыс болғандар саны 17 болды

Бүгін Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккен 1993 жылы туған өртсөндіруші Жәнібек Тұрманов қайтыс болды. Ол бұған дейін Нұр-Сұлтандағы Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институының ауруханасына жеткізіліп, сол жерде ем алып жатқан еді, — делінген ведомство таратқан хабарламада.

Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан қаза тапқандар саны 17 болды. Оның ішінде 10 азаматтық қорғау органдарының қызметкері, Қорғаныс министрлігінің 6 әскери қызметкері және бір әскери прокурор бар. Жоғалған тағы бір адам іздестіріліп жатыр.

Еске салайық, 26 тамызда кешкі уақытта Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы әскери қоймада жарылыс болды. Қазақстан халқы 29 тамызда Жамбылдағы жарылыстан қаза тапқандарды аза тұтты.

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Талғат Шадиұлы жарылыс салдарынан қайтыс болғандардың отбасына 15 миллион теңгеден берілетіні хабарланды.

31 шілде күні қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті. Бұл қызметке Мұрат Бектанов тағайындалды.