Не болды?
Полиция ұшу кезінде ұрланған ақшаны иесіне қайтарып, күдіктілерді ұстады. Оқиға Шымкент-Астана бағытындағы рейсте болған. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Polisia.kz мәліметіне қарағанда, рейс кезінде бір жолаушының 7,6 миллион теңге ақшасы ұрланған. Күдіктілер жәбірленушінің салғырттығын пайдаланып, ақшаны жасырын түрде қолды қылған.
Жедел іздеу нәтижесінде қылмысқа қатысы бар екі шетел азаматы, яғни күдіктілер ұсталды. Айыпталушылар кінәсын мойындап, қамауға алынды. Ұрланған ақша иесіне толық қайтарылды, — дел3нген хабарламада.
Қазір сотқа дейінгі тексеру басталды. Полиция қызметкерлері күдіктілердің басқа да қылмысқа қатысы бар немесе жоқ екенін анықтап жатыр.
Контекст
Естеріңізге салайық, полицейлер биіктен секірмек болған қызды құтқарып қалды.
