Жамбыл облысында әскери қойма жарылды

Аталған бөлім Тараздан шамамен 18 шақырым қашықтықта орналасқан. Өрт салдарынан белгісіз заттар жарылды.

Өртті сөндіруге әскери бөлімнің шынжырлы өрт сөндіру машиналары тартылды. Оларға Жамбыл облысының төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру жасақтары көмектесіп жатыр.

Өрт ошағын жою жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

Оқиға орнына министрдің орынбасары, генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді.