Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Жеткізу жылдамдайды: Алматы облысында «Золотое Яблоконың» жаңа орталығы ашылды

Фото: "Золотое Яблоко"
Алматы облысында халықаралық бьюти-ретейлер «Золотое Яблоконың» жаңғыртылған тарату орталығы ресми түрде ашылды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.

Нысанның ауданы 9,5 мың шаршы метрге дейін ұлғайып, логистикалық қуаты едәуір артты.

Компания мәліметінше, орталықтың өткізу қабілеті 45% өсіп, енді тәулігіне 15 мыңға дейін онлайн-тапсырысты және 300 мыңнан астам тауар бірлігін өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда логистикалық ауқымды төрт есеге ұлғайтқан.

305 жаңа жұмыс орны құрылды

Жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде тауарларды қабылдау мерзімі 48 сағаттан 36 сағатқа дейін қысқарды. Сонымен қатар Алматы, Астана және Шымкент қалаларында екі сағаттық экспресс жеткізу қызметі қолжетімді болды. Астана мен Шымкенттегі дүкендерге тауарлар 24 сағат ішінде жеткізіледі.

Орталықтың кеңеюі жұмыспен қамтуға да оң әсерін тигізді. Қазір мұнда 305 адам еңбек етеді. Компания қойма менеджерлері, операторлар, қоймашылар мен басқа да мамандарды жұмысқа қабылдауды жалғастырып жатыр.

Жеткізу жылдамдайды: Алматы облысында «Золотое Яблоконың» жаңа орталығы ашылды
Фото: «Золотое Яблоко»

«Золотое Яблоко» тарату орталығының кеңеюі — облыс экономикасына тартылған тікелей инвестиция. 300-ден астам жұмыс орнының ашылуы, заманауи логистикалық инфрақұрылымның қалыптасуы, негізгі операциялардың Қазақстан аумағында шоғырландырылуы – ішкі нарықтың тұрақтылығын қалыптастыратын негізгі фактор, — деп атап өтті Алматы облысы кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айбол Рақымбаев.

Жаңартылған тарату орталығында (ТО) 3,4 мың паллеттік орын бар. Сыйымдылығы 6,5 млн дана тауарды құрайды. Айлық тауар айналымы — шамамен 4,5 млн дана. Орталық көлемінің кеңеюі штат қызметкерлерінің санын арттырды. Қазір мұнда 305 адам жұмыс істейді. Гендерлік тепе-теңдік — 50/50. Компания қойма менеджерлерін, ауысым менеджерлерін, бригадирлерді, қоймашыларды, операторлар мен стикерлеушілерді (жапсырма басушыларды) жұмысқа қабылдайды. Жаңа қызметкерлер үшін тәлімгерлік бағдарламасы да қарастырылған. Ал оқу материалдары заңнама талаптары ескеріле отырып, қазақ және орыс тілдерінде әзірленеді. 

Жеткізу жылдамдайды: Алматы облысында «Золотое Яблоконың» жаңа орталығы ашылды
Фото: «Золотое Яблоко»

Тапсырыс өңдеу қуаты 45% артты

«Золотое Яблоко» компаниясының логистика жөніндегі директоры Андрей Голомидов Қазақстанның компания үшін стратегиялық маңызы жоғары нарық екенін атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, логистикалық мүмкіндіктердің кеңеюі клиенттерге тапсырыстарын бұрынғыдан да жылдам жеткізуге мүмкіндік береді.

Қазірдің өзінде елде бес оффлайн-дүкен жұмыс істейді, бұл біз байланыс орнатқан бірқатар елдермен салыстырғанда басым көрсеткіш. Тарату орталығын кеңейту өткізу қабілетін 45% арттыруға мүмкіндік берді: енді біз тәулігіне 300 мыңнан астам тауар бірлігін өңдей аламыз. Соның арқасында клиенттеріміз елдің барлық өңіріндегі тапсырыстарына бұрынғыдан да жылдам қол жеткізе алады, — деді Андрей Голомидов.

Бүгінде тарату орталығы Қазақстандағы барлық дүкенді қамтамасыз етіп қана қоймай, Қытай мен Біріккен Араб Әмірліктеріне жөнелтілетін тауарлар үшін де негізгі транзиттік хаб қызметін атқарады.

Компания биыл Астанада ауданы 5 мың шаршы метр болатын екінші тарату орталығын ашуды жоспарлап отыр. Жаңа нысан елдің солтүстік және шығыс өңірлеріне жеткізу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Мақалаға реакция