Не болды?
Премьер-министр орынбасары Қанат Бозымбаев Хоңкоңға сапарға аттанып, Alatau City жобасын талқылады. Қос тарап жаңа жобаны бірге іске асыру туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы Baribar.kz хабарлап отыр.
Мәлімет
Alatau City Roadshow дөңгелек үстеліне Хоңкоңның жетекші инвестиция қорлары, қаржы ұйымдары, технология компаниялары мен бизнес өкілдері қатысты. Іс-шарада Alatau City жобасы таныстырылды.
Хоңкоң Азиядағы маңызды қаржы орталығының бірі, Қазақстан үшін бұл өңірдің инвестиция, технология және халықаралық тәжірибесі ерекше. Алда Alatau City арнайы режимде дамып, инвесторлардың құқығын қорғап, халықаралық стандартқа негізделетін жоба балады, — деді Қанат Бозымбаев.
Хоңкоң басшысы Жон Лидің сөзінше, Қазақстан экономикасы тұрақты өсіп келеді. Елдегі реформалар мен бизнеске қолайлы жағдай ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді. Alatau City Authority мен халықаралық компаниялар алты келісімге қол қойды.
Жобаға ерекше қызығушылық танытқан компанияның қатарында Alipay цифрлық төлем жүйесіне қатысы бар ANT Digital Technologies бар. Сонымен қатар блокчейн және Web3 технологиясы бағытында жұмыс істейтін Solana Foundation ұйымы да Alatau City экожүйесін дамытуға ниет білдірді.
Контекст
Естеріңізге салайық, бұған дейін Хоңкоңнан Қазақстанға 75 адамнан тұратын делегация келген еді.
