Мұрат Бектанов қорғаныс министрі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды.

Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі лауазымына тағайындалсын, − деді Қазақстан Президенті.

Мұрат Кәрібайұлы Бектанов 1965 жылы 18 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Соколовка ауылында дүниеге келген.

1989-1997 жылдары мотоатқыштар взводының командирі, десанттық-шабуылдау взводының командирі, десанттық-шабуылдау батальоны барлауының бастығы, Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесі взводының, курсанттар ротасының командирі болған.

1997-1998 жылдары штаб бастығы ШОБ командирінің орынбасары, кейін Қорғаныс министрлігінің жауынгерлік даярлық департаментінің офицері ретінде қызмет етті.

2000 жылы Қарулы Күштердің бас штабына Жедел жоспарлау департаментінің аға офицері, кейін 2005 жылы бас штабтың Әскери академиясының тыңдаушысы болып тағайындалды.

2007-2013 жылдары Қорғаныс министрлігі штаб бастықтары комитетінің жедел жоспарлау департаменті бастығының орынбасары, кейін департамент бастығы болып жұмыс істеген.

2013-2016 жылдары Қазақстан Республикасы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметін атқарды.

2016 жылы Қарулы Күштер Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болып тағайындалды.

2019 жылдың сәуірінен бастап ҚР қорғаныс министрінің бірінші орынбасары ҚР Қарулы Күштері бас штабының бастығы болды.